Колония қызметкерлерінің қылмысы расталды
Наурыз айында облыстық прокуратураға КА-168/3 мекемесінде жазасын өтеуші аталған мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты шағымданған болатын. Арыз-шағымды қарау барасында талапкердің дәлелдемелері расталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Арнайы прокурорлар басқармасы сотқа дейінгі өндірісті бастады.
Тергеп-тексеру барысында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің УКА-168/3 бақылау қызметі бөлімінің бастығы міндетін атқарушы мекеменің жедел уәкілі және аға бақылаушымен бірге сотталған Н-ны тәртіптік изоляторға заңсыз қамаған. Сөйтіп, оған күш көрсетіп, азаптаған.
Тергеп-тексеру барысында мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бап 2-бөлімі бойынша тергелді. Тергеу барысында күдіктілердің бірі өз кінәсін мойнына алды.
Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.